ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР АЗИЯ ПАРА ОЙЫНДАРЫНДА ҚОРЖЫНҒА ТАҒЫ БІР АЛТЫН МЕН ҚОЛА ЖҮЛДЕ САЛДЫ

    1 / 3

    🥇🇰🇿 Түркістандық парадзюдошы Бексұлтан Құлмырза V Азия Пара ойындарының алтын медалін жеңіп алды!

    Жапонияның Айчи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетуде.

    Парадзюдодан J2 санаты бойынша 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Түркістан облысының спортшысы Бексұлтан Құлмырза финалдық белдесуде Оңтүстік Корея өкілі Ким Донхунды жеңіп, Азия Пара ойындарының чемпионы атанды.

    Сонымен қатар Бағланбек Оңалбек V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері атанды. Парадзюдодан J1 санаты бойынша 95 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен Бағланбек жарыста үздік нәтиже көрсетті.

    Бұл – отандық параспорт үшін зор жетістік әрі Түркістан облысы спортының мерейін асқақтатқан жеңіс.

    Айта кетейік, V Азия Пара ойындары 18–24 қазан аралығында өтуде. Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасының 150 параспортшысы спорттың 12 түрінен бақ сынап жатыр.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары