ҚАРАҒАНДЫДА «ТАЛДАУ МЕКТЕБІНІҢ» ІІ ЛЕГІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

    1 / 10

    ҚАРАҒАНДЫДА «ТАЛДАУ МЕКТЕБІНІҢ» ІІ ЛЕГІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

    8 қараша күні Қарағанды қаласында «Талдау мектебі. Қарағанды» жобасының ІІ легін қорытындылауға арналған іс-шара өтті.

    Сегіз аптаға созылған оқу бағдарламасы аясында қатысушылар деректерге негізделген талдау жүргізу, өңірдің өзекті мәселелерін зерделеу және оларды шешуге бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеу бойынша білімдері мен дағдыларын жетілдірді.

    Қорытынды іс-шараға Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қатысып, жас аналитиктердің бастамалары мен әзірлеген жобаларының өңір дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.

    Бағдарлама соңында қатысушылар өздерінің аналитикалық жобаларын қорғап, үздік жұмыстар анықталды.

    🏆 «Taldau AI Analytics» аналитикалық орталығы сарапшыларының бағалауы бойынша «Қарағанды облысының тірек ауылдары мен тартымдылық орталықтары» («Каркас роста: опорные сёла и точки притяжения Карагандинской области») тақырыбындағы жұмыс үздік деп танылды.

    🏆 Қатысушылардың дауыс беру қорытындысы бойынша «Кедергісіз өңір» бағыты аясында әзірленген «Қарағанды облысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мен менталдық бұзылыстары бар адамдарды қолдаудың кешенді жүйесі» тақырыбындағы аналитикалық жұмыс үздік атанды.

    Іс-шара барысында «Taldau AI Analytics» аналитикалық орталығының директоры Максим Александрович Споткай түлектерге сертификаттар табыстады.

    «Талдау мектебі. Қарағанды» жобасы жас мамандардың аналитикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, олардың өңірдегі өзекті мәселелерді шешуге белсенді қатысуына және ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеуіне мүмкіндік берді.

    Сегіз апталық еңбектің нәтижесі - жаңа білім, тәжірибе және Қарағанды облысының дамуына бағытталған нақты бастамалар.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" жаңалықтары