ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ ҚАЛАЙ БАҒАЛАЙДЫ?

    Қазақстанда 2023 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Отбасының цифрлық картасы 6,2 млн отбасын немесе 20,4 млн адамды қамтиды. Жүйе 30 мемлекеттік цифрлық жүйеден алынған деректер негізінде отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалайды.

    Бағалау кезінде отбасының табысы, тұрғын үйі, автокөлігі, жері, кәсіпкерлік қызметі мен кредиттік жүктемесі ескеріледі. Сонымен қатар отбасы құрамы, балалардың болуы, мүгедектігі бар және созылмалы аурулары бар адамдардың жағдайы да назарға алынады.

    Жинақталған мәліметтер негізінде отбасының әл-ауқаты бес санаттың бірі бойынша айқындалады: жоғары, ауқатты, қанағаттанарлық, экономикалық осал немесе экономикалық және әлеуметтік осал.

    Картаның басты мақсаты – әр отбасының нақты жағдайын бағалап, қажетті әлеуметтік қолдауды уақтылы ұсыну.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары