«„Заң мен тәртіп“ акциясы аясында Абай атындағы ҚазҰПУ еңбек ұжымымен түсіндіру кездесуі өткізілді»

    «Заң және тәртіп» акциясы аясында Астана қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Жандосов Р.С. Астана қаласы Есіл ауданы прокуратурасының өкілдерімен бірлесіп, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің еңбек ұжымымен түсіндіру кездесуін өткізді.

    Кездесу барысында қызметкерлерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негізгі ережелері, еңбек құқықтарын сақтау, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары бойынша түсіндірмелер берілді.

    Іс-шара қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға және еңбек қатынастарында заңдылықты сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

    Еңбек құқықтары бұзылған жағдайда қайда жүгінуге болады?

    Жалақыдан ақшалай қаражат заңсыз ұсталған жағдайда қызметкер төмендегі орындарға жүгінуге құқылы:

    * Жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша аумақтық мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне;
    * e-Otinish (eotinish.kz) электрондық платформасы арқылы;
    * Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 159-бабында көзделген тәртіппен, заңда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, келісу комиссиясына немесе сотқа.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті" жаңалықтары