ЖЕЗҚАЗҒАНДА «ИНВАТАКСИ» ҚЫЗМЕТІ КӨРСЕТІЛУДЕ
Жезқазған қаласында мүгедектігі бар адамдардың еркін жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында «Инватакси» қызметі көрсетілуде.
Аталған қызмет 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрыққа енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес жүзеге асырылады.
Қызметті тиісті медициналық көрсетілімдері және дәрігерлік-консультациялық комиссияның (ДКК) қолданыстағы қорытындысы бар мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде балалар пайдалана алады.
Инватакси қызметі жұмыс және оқу орындарына, медициналық, мемлекеттік және бекітілген тізбеде көзделген өзге де мекемелерге қатынауға мүмкіндік береді.
Қызмет бірінші кезекте жұмыс істейтін, білім алатын мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілеріне көрсетіледі.
Арбамен қозғалатын азаматтарды тасымалдау үшін арнайы жабдықталған автокөліктер қарастырылған.
Қызметті рәсімдеу және алу тәртібі туралы қосымша ақпаратты Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен алуға болады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






