2026 жылғы 23 қазанда Астана қаласында Электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңестің отырысы өтті. Отырыс 2026 жылы атқарылған жұмыстың қорытындыларын шығаруға және энергетика саласындағы Ұлттық біліктілік жүйесін одан әрі дамытудың басым бағыттарын айқындауға арналды.
Отырыс барысында салалық біліктілік жүйесін дамыту бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелері, оның ішінде «Энергетикадағы цифрландыру және жасанды интеллектіні қолдану» кәсіптік стандартының, салалық біліктілік шеңберінің және кәсіптер тізілімінің бекітілуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2027–2029 жылдарға арналған электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы біліктілік жүйелерін дамыту жөніндегі салалық жоспарының бекітілуі қаралды.
Кәсіптік стандарттарды одан әрі жетілдіруге, технологиялық өзгерістерді, энергетиканы цифрландыруды және жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, біліктілік талаптарын өзектендіруге, сондай-ақ білікті кадрлар даярлау мақсатында сала кәсіпорындары мен техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылын нығайтуға ерекше назар аударылды.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрлігі арасындағы тиімді әрі үйлесімді ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Төрт мемлекеттік органның тығыз ынтымақтастығы Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту, кәсіптік стандарттарды жетілдіру және энергетика саласының қажеттіліктерін ескере отырып, кадрлар даярлау бағытындағы жұмыстың үйлесімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Бұл жұмыста оқу-әдістемелік бірлестіктердің (ОӘБ), Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің (РОӘК), «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының, білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілердің белсенді өзара іс-қимылы маңызды рөл атқарады. Мұндай ынтымақтастық кәсіптік стандарттарды білім беру бағдарламаларына тиімді енгізуге, білім беру жүйесі мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға және сұранысқа ие мамандарды даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.
Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және өзектендіру жұмыстарында «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі маңызды рөл атқарады. Қауымдастық аталған жұмыстарға жүйелі түрде қолдау көрсетіп, сала кәсіпорындарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Кәсіптік стандарттарды әзірлеу мен өзектендіруге энергетика саласының жетекші кәсіпорындары, оның ішінде «МӨЭК» АҚ, «KEGOC» АҚ және «ОАЕК» АҚ да белсенді қатысады.
Отырыс аясында Ұлттық біліктілік жүйесін дамытуға үлес қосқан сарапшыларды, білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілердің өкілдерін марапаттау рәсімі де өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша 2027-2029 жылдарға арналған салалық жоспарды іске асыру, мемлекет, білім беру жүйесі және бизнес арасындағы өзара іс-қимылды дамыту, сондай-ақ қызметкерлердің біліктіліктерінің заманауи технологиялық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі алдағы міндеттер айқындалды.
Отырыс мемлекет, білім беру жүйесі және бизнес арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды кезең болды. Бұл ынтымақтастықтың мақсаты - заманауи кәсіптік біліктіліктер жүйесін қалыптастыру және энергетика саласын сұранысқа ие білікті мамандармен қамтамасыз ету.
Энергомин мен сарапшылар электр және жылу секторындағы кәсіптік біліктіліктерді дамытудың перспективаларын талқылады
1 / 5
Ұқсас материалдар

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ – ЖҮРЕК ҚАЛАУЫ, МЕЙІРІМ МЕН МАХАББАТТЫҢ ҮЛГІСІ
Аққулы ауданының білім беру бөліміАшу
РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙБАРЫ, ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТҰҒЫРЫ
Аққулы ауданының білім беру бөліміАшу
Қазақстан NVIDIA-ның физикалық жасанды интеллект жөніндегі өңірлік орталығын құруды ұсынды
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіАшу
Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Елшілігі 2026 жылғы 26 қазанда жабық болады
Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы ЕлшілігіАшу
Ақпараттық хабарлама Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді
Абай облысының әкімдігіАшу
"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі" жаңалықтары

Бақытжан Ілияс Алматы облысының тұрғындарымен кездесті
ҚР ЭМАшу
Цифрлық қадағалау 2028 жылы энергоресурстардың 80%-ын қамтиды
ҚР ЭМАшу
Қазақстанда жылыту маусымына дайындық аясында 377 км жылу желісі жөнделді
ҚР ЭМАшу
Қазақстан мен CNPC мұнай-газ саласындағы технологиялық ынтымақтастықты нығайтуда
ҚР ЭМАшу
Мұнай-газ химиясының жаңа қуаттары Қазақстандағы қайта өңдеу кәсіпорындарының шикізат базасын нығайтады
ҚР ЭМАшу