Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаменті

    Кеңес барысында Департаменттің ағымдағы қызметінің мәселелері мен құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс қорытындылары қаралды. Сондай-ақ алдағы аптаға арналған негізгі міндеттер мен басым бағыттар айқындалды.


    Өндірістік жарақаттанудың алдын алу, сондай-ақ еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
    Сонымен қатар әлеуметтік желілерді және Департаменттің ресми парақшасын дамыту мен жүргізу мәселелері талқыланды.

    Азаматтарды ақпараттандыру деңгейін арттыру және еңбек қатынастары мен еңбек заңнамасының өзекті мәселелерін жедел жариялау бойынша шаралар айқындалды.


    Кеңес қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлер белгіленіп, қаралған бағыттар бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаменті" жаңалықтары