Мемлекеттік еңбек инспекторы жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Үржар ауданының көпсалалы орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ұжымымен еңбек заңнамасы талаптарын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Іс-шара барысында Абай облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы М. А. Жунусова медицина қызметкерлеріне еңбек заңнамасының негізгі нормалары туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. Ерекше назар еңбек шарттарын дұрыс рәсімдеуге және оларды Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕБЖ) міндетті түрде тіркеуге аударылды.
Мұндай кездесулер қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың еңбек құқықтарын қорғауға, сондай-ақ еңбек қатынастары саласындағы ықтимал бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.