Қызметкерлер — Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы

    Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    4
    Әмрин Сакен Өмірсерікұлы
    Басқарма басшысы

    Әмрин Сакен Өмірсерікұлы

    Басқарма басшысы

    1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Астана қаласының Қазақ мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу саласы» мамандығы бойынша бітірген. 2008 жылы «Акушер-гинеколог» мамандығы бойынша резидентураны бітірді.

    Саржанов Нұрсұлтан Жанатұлы
    Басқарма басшысының орынбасары

    Саржанов Нұрсұлтан Жанатұлы

    Медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша басшысының орынбасары

    Саржанов Нұрсұлтан Жанатұлы 1992 жылғы 14 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында дүниеге келді. 2015 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын жалпы медицина мамандығы бойынша аяқтады. 2024 жылы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің денсаулық сақтау саласындағы менеджмент мамандығы бойынша магистратурасын аяқтады.

    Қасенова Нұрила Жәдігерқызы
    Басқарма басшысының орынбасары

    Қасенова Нұрила Жәдігерқызы

    Басшының емдеу жұмысы, ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі орынбасары

    1993 жылғы 16 мамыр күні Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Ровное ауылында туған. 2017 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетін «Жалпы медицина» мамандығы бойынша тамамдады. 2021 жылы «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің қоғамдық денсаулық сақтау магистрі дәрежесін алды.

    Бекетаев Алдаберген Сәкенұлы
    Басқарма басшысының орынбасары

    Бекетаев Алдаберген Сәкенұлы

    Басшының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары

    1984 жылғы 26 қыркүйек күні Қостанай облысы Наурызым ауданының Шолақсай ауылында туған. 2008 жылы Академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша тамамдаған. 2011 жылы Академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тамамдаған. 2023 жылы «Құқықтану бойынша магистр» дәрежесін алды.

    Бөлім

    5
    Қаскина Әсемгүл Мұхамеджанқызы
    Бөлім басшысы

    Қаскина Әсемгүл Мұхамеджанқызы

    Бөлім басшысы

    Қаскина Әсемгүл Мұхамеджанқызы, 1978 жылғы 12 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Көкшетау бухгалтерлік-экономикалық колледжін «экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген; 2021 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Есеп және аудит»мамандығы бойынша бітірген.

    Сәдуақасова Сәуле Қошқарбайқызы
    Бөлім басшысы

    Сәдуақасова Сәуле Қошқарбайқызы

    Бөлім басшысы

    Сәдуақасова Сәуле Қошқарбайқызы 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында туылған. 1991 жылы Петропавл есептік-экономика техникумын «Ауыл шаруашылығы өндірісін жоспарлау» мамандығы бойынша, 2007 жылы Көкшетау университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

    Мұхамедқали Сағат Сартайұлы
    Бөлім басшысы

    Мұхамедқали Сағат Сартайұлы

    Бөлім басшысы

    Мұхамедқали Сағат Сартайұлы, 1997 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Ленинское селосында туған. 2016 жылы Петропавл құрылыс-экономика колледжін есеп және аудит мамандығы бойынша тамамдады. 2019 жылы М.Қозыбаев атындағы СҚМУ қаржы мамандығы бойынша аяқтады.

    Нұрмұхамбетова Әлия Талғатқызы
    Бөлім басшысы

    Нұрмұхамбетова Әлия Талғатқызы

    Бөлім басшысы

    Нұрмұхамбетова Әлия Талғатқызы Көкшетау облысы, Қызылту ауданы, қалалық үлгідегі Қызылту кентінде дүниеге келген. 2011 жылы Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжін бітірген. 2016 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетін «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша бітірген. 2022 жылы Денсаулық сақтау магистрі дәрежесін беріліп, «Денсаулық сақтаудағы басқару» менеджменті бағыты бойынша Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Сібір мемлекеттік медицина университетін бітірді (Томск қаласы).

    Басқа қызметкерлер

    1
    Әбишева Лаура Сабырқызы
    Бөлім басшысы

    Әбишева Лаура Сабырқызы

    Бөлiм басшысы

    Әбишева Лаура Сабырқызы, 1999 жылы туған. Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаево қаласында дүниеге келген. 2018 жылы «Жалпы практика мейірбикесі» мамандығы бойынша Солтүстік Қазақстан медициналық колледжін аяқтады. 2023 жылы Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Орынбор мемлекеттік медициналық университетін «Академиялық мейірбике. Оқытушы» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен тәмамдады. 2025 жылы Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Сібір мемлекеттік медициналық университетінде «Менеджмент. Денсаулық сақтаудағы басқару» мамандығы бойынша магистратураны бітіріп, «Денсаулық сақтау магистрі» дәрежесі берілді.