Саржанов Нұрсұлтан Жанатұлы

    Медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша басшысының орынбасары

    Саржанов Нұрсұлтан Жанатұлы
    Заместитель руководителя управления

    Саржанов Нұрсұлтан Жанатұлы

    Медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Саржанов Нұрсұлтан Жанатұлы 1992 жылғы 14 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында дүниеге келді.

    2015 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын жалпы медицина мамандығы бойынша аяқтады.

    2024 жылы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің денсаулық сақтау саласындағы менеджмент мамандығы бойынша магистратурасын аяқтады.

    2017 - 2021 жылдары «Облыстық фтизиопульмонология орталығы» ШЖҚ КМК дәрігер-фтизиатры, облыстық үйлестіруші болып жұмыс істеді.

    2021 - 2022 жылдары «Тайынша ауданаралық көп бейінді ауруханасы» ШЖҚ КМК емханасының меңгерушісі болып қызмет етті.

    2022 - 2023 жылдары «Тайынша ауданаралық көп бейінді ауруханасы» ШЖҚ КМК директоры орынбасарының міндеттерін атқарды.

    2023 - 2024 жылдары «Шал ақын ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК директорының орынбасары болып қызмет атқарды.

    2024 жылғы 18 желтоқсаннан бастап «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ басшысының емдеу жұмысы, ана мен бала денсаулығын сақтау жөніндегі орынбасарының міндеттерін атқарушы болып тағайындалды.

    2025 жылғы 24 қаңтардан бастап "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы" КММ басшысының емдеу жұмысы, ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері