
Өмірбаян
Әбишева Лаура Сабырқызы, 1999 жылы туған. Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаево қаласында дүниеге келген.
2018 жылы «Жалпы практика мейірбикесі» мамандығы бойынша Солтүстік Қазақстан медициналық колледжін аяқтады.
2023 жылы Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Орынбор мемлекеттік медициналық университетін «Академиялық мейірбике. Оқытушы» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен тәмамдады.
2025 жылы Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Сібір мемлекеттік медициналық университетінде «Менеджмент. Денсаулық сақтаудағы басқару» мамандығы бойынша магистратураны бітіріп, «Денсаулық сақтау магистрі» дәрежесі берілді.
Еңбек жолын 2018 жылдың тамыз айынан бастап «Явленка орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК қабылдау бөлімінің медбикесі болып бастады.
2023 жылдың қыркүйек айынан бастап «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ Емдеу-алдын алу қызметін үйлестіру және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2025 жылдың қазан айынан бастап «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ Емдеу-алдын алу қызметін үйлестіру және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.


