
Өмірбаян
Нұрмұхамбетова Әлия Талғатқызы Көкшетау облысы, Қызылту ауданы, қалалық үлгідегі Қызылту кентінде дүниеге келген.
2011 жылы Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжін бітірген.
2016 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетін «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша бітірген.
2022 жылы Денсаулық сақтау магистрі дәрежесін беріліп, «Денсаулық сақтаудағы басқару» менеджменті бағыты бойынша Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің Сібір мемлекеттік медицина университетін бітірді (Томск қаласы).
Еңбек жолын 2016 жылдың тамыз айында «Перинаталдық орталық» ШЖҚ КМК эпидемиолог лауазымында бастады.
2017 жылғы шілдеден бастап 2020 жылғы қыркүйекке дейін «Перинаталдық орталық» ШЖҚ КМК - да дәрігер-статистик лауазымында қосымша жұмыс істеді.
2019 жылғы сәуірден 2020 жылғы қыркүйекке дейін «Перинаталдық орталық» ШЖҚ КМК пациенттерді қолдау қызметінің басшысы лауазымына ауыстырылды.
2020 жылғы қыркүйектен бастап 2025 жылғы желтоқсанға дейін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ ана мен бала денсаулығын сақтау бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2025 жылғы 15 желтоқсанда «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ ана мен бала денсаулығын сақтау бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
