
Өмірбаян
Сәдуақасова Сәуле Қошқарбайқызы 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында туылған.
1991 жылы Петропавл есептік-экономика техникумын «Ауыл шаруашылығы өндірісін жоспарлау» мамандығы бойынша, 2007 жылы Көкшетау университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылдан бастап Петропавл қаласындағы атқару тетіктері зауытында радиоэлектрондық аппаратура мен аспаптарды монтаждаушының шәкірті болып бастады.
2006 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысының «Петропавл қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ кассалық жұмыс бойынша инспекторы болып жұмыс істеді.
2009 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы «Жамбыл ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ жетекші маманы қызметін атқарды.
2010 жылдан бастап «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бас маманы лауазымына ауыстырылды, Солтүстік Қазақстан облысы «Жамбыл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ экономикалық даму және бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі лауазымына ауыстырылды
2013 жылдан бастап «Жамбыл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы, «СҚО Жамбыл ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ экономика секторының меңгерушісі лауазымдарында жұмыс істеді.
2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасында бөлім басшысы болып жұмыс істейді.


