Жардыөзек ауылдық округінде дәнді дақылдарды жинау науқаны қарқынды жүруде
Жардыөзек ауылдық округінде егін жинау науқаны қызу жүргізілуде. Диқан қауымы жыл бойғы еңбектің нәтижесін көріп, егіс алқаптарындағы дәнді дақылдарды жинауға кірісті. Ауа райының қолайлы сәттерін тиімді пайдаланып, ауыл шаруашылығы техникалары егіс алқаптарында үздіксіз жұмыс істеуде.
Егін жинау науқанының басты мақсаты – өсірілген өнімді ысырапсыз жинап, қамбаға мол астық құю. Шаруалар науқанды белгіленген мерзімде аяқтап, мол өнімге қол жеткізу үшін бар күш-жігерін жұмсауда.








