
Жарлыөзек ауылдық округінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мекеме қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптардың сақталуы, оқушылардың белгіленген мектеп формасымен қамтамасыз етілуі және ішкі тәртіп талаптарының орындалуы мәселелері назарға алынды.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының аумағында санитарлық тазалықтың сақталуы, аулалар мен айналасының абаттандырылуы, тазалық талаптарының орындалуы бойынша тиісті жұмыстардың жүргізілуі сөз болды.
Құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық жұмыстарды күшейту және санитарлық тазалық талаптарын сақтау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғастырылатын болады.








