
🌱 Жарлыөзек ауылдық округінде қант қызылшасын жинау жұмыстары басталды
Жарлыөзек ауылдық округіндегі шаруа қожалықтарында қант қызылшасын жинау жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта шаруалар алқап басындағы жұмыстарды қарқынды жүргізіп, арнайы техникаларды жұмылдыруда.
Диқандар көктемнен бері баптаған өнімдерін уақытылы жинап, қант зауытына жөнелтуге күш салуда. Жинау науқаны барысында өнімді қазу, тиеу және тасымалдау жұмыстары қатар атқарылуда.








