1 / 4
🍁«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және 25 қазан – Республика күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында Атырау облысы Әділет департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен «Таза мекен» экологиялық сенбілігі өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау мәдениетін қалыптастыру, экологиялық жауапкершілікті арттыру және мемлекеттік қызметшілер арасындағы ұжымдық бірлік пен ынтымақтастықты нығайту.
Сенбілік барысында Департамент ғимаратының алдындағы және оған іргелес аумақта тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоқыс қалдықтары жиналды.
♻️Тазалық – ортақ жауапкершілік! Таза қоршаған орта қалыптастыру – әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз.









