Қызметкерлер — Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    6
    Әрінов Шыңғыс Сайранұлы
    Министр

    Әрінов Шыңғыс Сайранұлы

    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

    Шыңғыс Әрінов 1983 жылы 29 қазанда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген. Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында «Құқықтану», Азаматтық авиация академиясында «Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» бойынша білім алған. Генерал-лейтенант (2025 жылғы қазан). ІІ, ІІІ дәрежелі «Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін» медалімен және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің атынан алғыс хаттармен марапатталған.

    Мұханов Мұрат Сейтмолдаұлы
    Министр

    Мұханов Мұрат Сейтмолдаұлы

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі

    Мұрат Сейтмолдаұлы 1985 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. 2006 жылы Қазақстан Республикасы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын, ал 2020 жылы Ресей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Санкт-Петербург университетін тәмамдаған.

    Тұрсынбаев Кеген Ахметұлы
    Вице-министр

    Тұрсынбаев Кеген Ахметұлы

    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі

    Тұрсынбаев Кеген Ахметұлы 1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ленин комсомолы атындағы Рязань жоғары әуе-десанттық командалық екі мәрте Қызыл Ту училищесін, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

    Авариялық-құтқару жұмыстарыТөтенше жағдайларАзаматтық қорғанысІздеу-құтқару жұмыстары
    Камалов Рамиль Фаткулович
    Вице-министр

    Камалов Рамиль Фаткулович

    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі

    1976 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Білімі арнайы жоғары.

    ТЖ профилактикасыӨрт қауiпсiздiгiӨрт сөндіру-құтқару спорты
    Әбдішев Батырбек Қадырбекұлы
    Вице-министр

    Әбдішев Батырбек Қадырбекұлы

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі

    1977 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. ҚР Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы шекара-командалық училищесiн бітірген.

    Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі
    Садырбаев Ерболат Алтынбекұлы
    Вице-министр

    Садырбаев Ерболат Алтынбекұлы

    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі

    Ол 1982 жылы Жамбыл облысында туған. Білімі жоғары, мемлекеттік және жергілікті басқару докторы (PhD).

    Өнеркәсіптік қауіпсіздікМемлекеттiк материалдық резерв

    Департаменттер

    9

    Басқа қызметкерлер

    6