Әрінов Шыңғыс Сайранұлы

    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

    Әрінов Шыңғыс Сайранұлы
    Министр

    Әрінов Шыңғыс Сайранұлы

    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

    Өмірбаян

    Шыңғыс Әрінов 1983 жылы 29 қазанда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген. Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында «Құқықтану», Азаматтық авиация академиясында «Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» бойынша білім алған.

    Генерал-лейтенант (2025 жылғы қазан).

    ІІ, ІІІ дәрежелі «Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін» медалімен және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің атынан алғыс хаттармен марапатталған.

    2006-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдарда қызмет атқарды.

    2022-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары — Президент күзет қызметінің бастығы.

    2024 жылдың 6 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері