Ақадыр кентінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстарды жетілдіру мақсатында арнайы жиын өтті.
Жиынды Ақадыр кентінің әкімі М.Ж. Қойшибаев өткізіп, оған кент әкімдігі мамандары мен Ш. Бейсекқызы атындағы мәдени-сауық орталығының қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, қолданыстағы заңнама талаптарын мүлтіксіз орындау мәселелері кеңінен қарастырылды.
Сондай-ақ қызметтік міндеттерді атқару кезінде адалдық, ашықтық, әділдік пен жауапкершілік қағидаттарын басшылыққа алудың маңыздылығы атап өтілді. Қызметтік жауапкершілікті арттыру және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жиын қорытындысында қатысушыларға заңдылық пен тәртіпті сақтау, қызмет барысында әдеп нормаларын ұстану және сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын басшылыққа алу қажеттігі ескертілді.
Адалдық пен ашықтық – мемлекеттік қызметтің басты қағидаттары!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








