АҚАДЫР КЕНТІНДЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    Ақадыр кентінде кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң талаптарының сақталуын түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді.

    Кездесуге Шет аудандық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия төрағасы Д. Карсембаев, Ақадыр кентінің әкімі М. Қойшыбаев, кент кәсіпкерлері мен мектеп әкімшіліктерінің өкілдері қатысты.

    Жиын барысында кәмелетке толмағандардың той-думандарда даяшы, биші ретінде жұмыс істеуі және ән айтуы мәселелері қарастырылды. Балаларды жұмысқа тарту кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтау, еңбек қатынастарын заң талаптарына сәйкес рәсімдеу, қажетті жағдайларда ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімін алу және еңбек шартын жасасу қажеттігі түсіндірілді.

    Сонымен қатар балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне зиян келтіретін жағдайлардың алдын алу, жұмыс уақытына қатысты заңнамалық шектеулерді сақтау және кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта жұмысқа тартуға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Кездесу барысында түнгі уақытта алкоголь өнімдерін сату мәселесі де талқыланды. Кәсіпкерлерге алкоголь өнімдерін бөлшек саудада өткізуге қатысты заңнамалық талаптар мен уақыттық шектеулерді сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу қажеттігі ескертілді.

    Сондай-ақ мектеп әкімшіліктерімен бірлесіп, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері қаралды.

    Жиын қорытындысы бойынша кәсіпкерлер мен мектеп әкімшілігі өкілдеріне кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Аталған мәселелер бойынша кәсіпкерлермен және мектеп әкімшілігі өкілдерімен алдағы аптада кезекті кездесу өткізу жоспарлануда.

    Балалардың құқықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң талаптарын сақтау – баршамызға ортақ жауапкершілік!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кенті әкімінің аппараты" жаңалықтары