Кенттегі футбол алаңы жаңартылды

    Кенттегі футбол алаңы жаңартылды

    Ақадыр кентіндегі М.Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектептің жанында орналасқан футбол алаңы жаңартылып, қайта жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

    Заманауи талаптарға сай жабдықталған спорт алаңы балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуіне, спортпен тұрақты айналысуына және салауатты өмір салтын қалыптастыруына қолайлы жағдай жасайды.

    Жаңартылған футбол алаңы жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл нысан кент тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлесін қосады.

    Жаңа спорт алаңы балалар мен жасөспірімдер үшін игілікті мекенге айналып, спорттық жетістіктерге бастайтын алаң боларына сенім мол.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кенті әкімінің аппараты" жаңалықтары