ЖЕРЛЕСІМІЗ – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ!

    1 / 2

    Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында 6–9 қараша күндері өткен самбодан Әлем чемпионатында жерлесіміз Төлеухан Ниетхан Несіпхан Несіпханұлы жоғары нәтиже көрсетіп, халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғады.

    71 келі салмақ дәрежесінде белдескен спортшымыз жарыстың жүлделі III орнын иеленіп, қола медальді қанжығасына байлады!

    Бұл – табанды еңбек пен үздіксіз дайындықтың, қайсар мінез бен жеңіске деген жігердің жемісі. Жерлесіміздің бұл жетістігі – туған жері үшін зор мақтаныш, отандық спорт үшін үлкен табыс!

    Жеңімпаз спортшымызды және оның бапкерлерін айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

    Алдағы жарыстарда толағай табыс, толассыз жеңіс, биік белестер мен сәттілік тілейміз! Көк байрағымызды әлі талай халықаралық додада биіктен желбірете беріңіз!

    ЖЕҢІСІҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, ЖЕРЛЕСІМІЗ!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кенті әкімінің аппараты" жаңалықтары