25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ДЗЮДОДАН ЖАРЫС ӨТТІ!

    25 қазан – Республика күні мерекесіне орай Ақадыр кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде (ДШСК) 2014–2015 және 2016–2017 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында Шет аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі ұйымдастырылды.

    Аталған жарысқа алыс-жақыннан бірнеше команда қатысып, 100-ден астам жас спортшы татами үстінде өзара бақ сынасты. Жас дзюдошылар өздерінің шеберліктерін, ептіліктері мен жеңіске деген жігерлерін көрсетіп, тартысты белдесулер өткізді.

    Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар әдемі әдістерімен және жеңіске деген ерекше жігерімен көзге түскен спортшыларға арнайы сыйлықтар мен мадақтамалар табысталды.

    👏 Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Жас спортшыларға алдағы жарыстарда сәттілік, толағай табыс және биік белестерді бағындыруды тілейміз!

    Осындай спорттық іс-шаралар жас ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттырып, шеберліктерін шыңдауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және болашақта ел намысын қорғайтын мықты спортшыларды тәрбиелеуге зор үлес қосады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кенті әкімінің аппараты" жаңалықтары