ЖАС ЧЕМПИОНҒА ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    ЖАС ЧЕМПИОНҒА ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында Қарағанды облысының спортшылары ел қоржынына екі медаль салды. Сол жүлделердің бірін жерлесіміз Еркен Бекәлі иеленіп, 73 келіге дейінгі салмақта қола медальға қол жеткізді.

    Әлем чемпионатына 59 елден 457 спортшы қатысып, Қазақстан құрамасы әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік нәтижесіне қол жеткізді.

    Жас спортшының халықаралық аренадағы жоғары жетістігін бағалаған Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Еркен Бекәліге автокөлік тарту етті. Ал оның жаттықтырушысы Ерсайын Омаровқа ақшалай сертификат табысталды.

    Бұл – жас спортшының табандылығы мен тынымсыз еңбегінің, сондай-ақ бапкерінің кәсіби шеберлігі мен қажырлы еңбегінің нәтижесі.

    Жерлестеріміз Еркен Бекәлі мен Ерсайын Омаровты айтулы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

    Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, Қазақстанның көк Туын көкке көтере берулеріңізге тілектеспіз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кенті әкімінің аппараты" жаңалықтары