Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кенті әкімінің аппараты
"Шет ауданы Ақадыр кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі кент әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады
Жаңалықтар
АшуАҚАДЫР КЕНТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
АшуЖЕРЛЕСІМІЗ – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ!
Ашу«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА
Ашу25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ДЗЮДОДАН ЖАРЫС ӨТТІ!
АшуАҚАДЫР КЕНТІНДЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
АшуЖӘРМЕҢКЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Құжаттар
Сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде 2026 жұмыс жоспар
Сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиянын 2026 жылга арналган жұмыс ЖОСПАРЫ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2020 жылы 29 қаңтарда № 19941 болып тіркелді."Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 7-бабының сәйкес 4-1-тармағына БҰЙЫРАМЫН:Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 19.08.2026 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бекітілсін. қағидалары2. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 13 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік бұйрығыныңтіркеу тізілімінде № 14431 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 6 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.3. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Превенция департаменті:1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі) Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі
Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кенті әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша 2025 жылғы қызметі туралы есеп
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша 2025 жыл есебі
«ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ШЕТ АУДАНЫ «АҚАДЫР КЕНТІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
"Ақадыр кенті әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы 2024 жыл
Есеп "Ақадыр кенті әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы 2024 жыл Жалпы ереже Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 31 қаңтардағы No 39/Е бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтердің тізіліміне сәйкес көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды талдау көрсеткендей, 2024 жылы Ақадыр кенті әкімдігінде электрондық форматта 109 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Есепті кезеңде ең көп сұранысқа ие болған мемлекеттік қызметтер: жер қатынастары саласында – «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту» (317 қызмет көрсетілген), «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» (51 қызмет көрсетілген); - " Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгеру" (11 қызмет көрсетілген) Қызмет алушылармен жүргізілген жұмыс Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында халықты ақпараттандыру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мемлекеттік қызметтерді көрсерту сапасын арттыру, заң нормаларын бұзуды алдын – алу және сыбайлас жемқорлық іс-қимылдарын алдын – алу ісіндегі маңызды міндет болып табылады. Халықты ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдістерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында көрсетілетін мемлекеттік қызметтреді көрсетететін ақпараттық стендтер бар. Ақадыр кенті әкімдігінде халықты мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама нормалары туралы ақпараттандыруға бағытталған іс –шаралар жүргізіледі. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы хабардар болу деңгейін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіліп, буклеттер таратылды. Электрондық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және «электрондық үкімет порталын» қолданушылар үлесін ұлғайту мақсатында қызмет алушыларға жалпыға қолжетімді орындарда санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, 1 «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істеп тұр. «Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышына» өз қызметінің бағыты бойынша қызмет алушыларға «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда алу бойынша консультациялық көмектер көрсететін жауапты тұлғалар бекітілген. Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі - мемлекеттің басты басымдығы. Сондықтан қызмет көрсетушілердің міндеттерінің бірі мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мәселесі ерекше бақылауда тұр, осыған байланысты 2025 жылы Мемлекеттік қызметтерді жаңа сапалы деңгейде көрсету арқылы халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыс жалғастырылатын болады. «Электрондық үкімет» бастамаларын танымал етуге және мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлінеді.Ашық әкімдіктің келушілері неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес ала алады, сондай-ақ ЭЦҚ немесе «электрондық үкімет» порталы арқылы қажетті анықтамаларды алу үшін «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторын» пайдалана алады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бақылау жасау Халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылауды жүзеге асыру аясында бақылау іс-шаралары өткізіледі. Мониторинг жүргізу қорытындысы бойынша «Мониторинг» АЖ-да мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактісі анықталған жағдайда бұзушылық үшін тәртіптік жауапкершілікке лауазымды тұлға (жауапты тұлға) тартылады.Іс-шара нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдар әзірленеді. Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағым түскен жоқ. Бұдан әрі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиімділігі және қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттануын арттыру перспективасы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2025 жылы негізгі жұмыс халықтың алынған қызметтер сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталатын болады, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық форматта алу мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы жалғасатын болады. «Ақадыр кенті әкімі аппараты» ММ-і