"Ақадыр кенті әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы 2024 жыл

    Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кенті әкімінің аппараты

    Есеп

    "Ақадыр кенті әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы 2024 жыл

    Жалпы ереже

    Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 31 қаңтардағы No 39/Е бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтердің тізіліміне сәйкес көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды талдау көрсеткендей, 2024 жылы Ақадыр кенті әкімдігінде электрондық форматта 109 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

    Есепті кезеңде ең көп сұранысқа ие болған мемлекеттік қызметтер:

    жер қатынастары саласында – «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту» (317 қызмет көрсетілген), «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» (51 қызмет көрсетілген);

    - " Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгеру" (11 қызмет көрсетілген)

    Қызмет алушылармен жүргізілген жұмыс

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында халықты ақпараттандыру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мемлекеттік қызметтерді көрсерту сапасын арттыру, заң нормаларын бұзуды алдын – алу және сыбайлас жемқорлық іс-қимылдарын алдын – алу ісіндегі маңызды міндет болып табылады.

    Халықты ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдістерінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында көрсетілетін мемлекеттік қызметтреді көрсетететін ақпараттық стендтер бар. Ақадыр кенті әкімдігінде халықты мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнама нормалары туралы ақпараттандыруға бағытталған іс –шаралар жүргізіледі. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы хабардар болу деңгейін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіліп, буклеттер таратылды.

    Электрондық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және «электрондық үкімет порталын» қолданушылар үлесін ұлғайту мақсатында қызмет алушыларға жалпыға қолжетімді орындарда санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, 1 «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істеп тұр. «Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышына» өз қызметінің бағыты бойынша қызмет алушыларға «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда алу бойынша консультациялық көмектер көрсететін жауапты тұлғалар бекітілген.

    Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі - мемлекеттің басты басымдығы. Сондықтан қызмет көрсетушілердің міндеттерінің бірі мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мәселесі ерекше бақылауда тұр, осыған байланысты 2025 жылы Мемлекеттік қызметтерді жаңа сапалы деңгейде көрсету арқылы халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыс жалғастырылатын болады. «Электрондық үкімет» бастамаларын танымал етуге және мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қолайлы жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлінеді.Ашық әкімдіктің келушілері неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес ала алады, сондай-ақ ЭЦҚ немесе «электрондық үкімет» порталы арқылы қажетті анықтамаларды алу үшін «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторын» пайдалана алады.

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына бақылау жасау

    Халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылауды жүзеге асыру аясында бақылау іс-шаралары өткізіледі. Мониторинг жүргізу қорытындысы бойынша «Мониторинг» АЖ-да мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактісі анықталған жағдайда бұзушылық үшін тәртіптік жауапкершілікке лауазымды тұлға (жауапты тұлға) тартылады.Іс-шара нәтижесі бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдар әзірленеді.

    Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағым түскен жоқ.

    Бұдан әрі мемлекеттік қызметтерді көрсетудің тиімділігі және қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттануын арттыру перспективасы

    «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2025 жылы негізгі жұмыс халықтың алынған қызметтер сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталатын болады, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық форматта алу мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы жалғасатын болады.

    «Ақадыр кенті әкімі аппараты» ММ-і

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    Қарағанды облысы Шет ауданы Ақадыр кенті әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша 2025 жылғы қызметі туралы есеп

    Есеп

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша 2025 жыл есебі

    Баяндама

    «ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ШЕТ АУДАНЫ «АҚАДЫР КЕНТІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

    Есеп

    «Ақадыр кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2024 жылғы қызметі туралы есеп

    «Ағадыр кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2024 жылғы қызметі туралы 1. Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және...

    Есеп

    2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелері туралы есеп

    Есеп

    2024 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері туралы есеп