«Ағадыр кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2024 жылғы қызметі туралы
1. Жалпы ережелер
Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бойынша жүргізілген талдау нәтижесінде 2024 жылы Ағадыр кенті әкімдігінде электрондық форматта 6 мемлекеттік қызмет көрсетілгені анықталды.
Есепті кезеңде ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
жер қатынастары саласында:
- «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» – 51 қызмет көрсетілді;
- «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру» – 11 қызмет көрсетілді.
Қызмет алушылармен жұмыс
Халықты мемлекеттік қызметтер көрсету саласында ақпараттандыру және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсартуда, заңнама талаптарының бұзылуының алдын алуда және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауда маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Халықты ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Ағадыр кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама нормалары туралы түсіндіруге бағытталған ақпараттық стендтер орналастырылған.
Электрондық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және «электрондық үкімет» порталы пайдаланушыларының үлесін көбейту мақсатында жалпыға қолжетімді орындарда санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, 1 «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді. Оған жауапты тұлға бекітілген, ол қызмет алушыларға «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу бойынша консультациялық көмек көрсетеді.
Ашық әкімдікке келушілер ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес ала алады, сондай-ақ ЭЦҚ алу немесе қажетті анықтамаларды «электрондық үкімет» порталы арқылы алу үшін «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторын» пайдалана алады.
2025 жылы халықтың өмір сүру сапасын мемлекеттік қызметтерді жаңа деңгейде көрсету арқылы жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғасатын болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау жасау
Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу шеңберінде тоқсан сайын бақылау іс-шаралары өткізіледі.
«Мониторинг» ақпараттық жүйесінде мониторинг жүргізу қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, жол берілген бұзушылық үшін лауазымды тұлға (жауапты қызметкер) тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
Іс-шаралар нәтижесінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдар әзірленеді.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тиімділігін одан әрі арттыру және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін көтеру перспективалары
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2025 жылғы негізгі жұмыс халықтың көрсетілген қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталатын болады.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта «электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндіктері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасады.
«Ағадыр кенті әкімі аппараты» ММ