1 / 5
Республика күні ұлттық мерекесі қарсаңында Ақадыр кентіндегі С. Сейфуллин көшесі бойында орналасқан сауда орнында ауыл тұрғындарына арналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңке барысында тұрғындарға түрлі ауыл шаруашылығы өнімдері қолжетімді бағамен ұсынылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – халықты сапалы әрі қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау.
Осындай игі шаралар тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және ұлттық мерекенің маңызын айшықтауға бағытталған.









