1 / 4
2026 жылғы 27 қазанында Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының жетекшелігімен комиссия мүшелері мен аппарат қызметкерлерінің а.ж 9 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша аппарат жиналысы өтті.
Жиында Тексеру комиссиясының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарларының және аудиторлық қызметтің нәтижелері, тиісті жылға арналған тізбе жобасының қалыптастырылуы, аудиторлық қорытындыларының орындалуы және басқа да мәселелер қаралып, талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша жұмыс жоспарларында белгіленген шараларды, аудиторлық іс-шараларды және жолданған ұсынымдар мен нұсқамаларды сапалы, уақытылы орындау бойынша тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.









