ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАТЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

    «Заң мен Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету мақсатында Түлкібас ауданында Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабына сәйкес профилактикалық іс-шара өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – қылмыстық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал еткен мән-жайларды жою және заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету.

    Іс-шара барысында тиісті лицензиясыз қызмет көрсеткені анықталған ломбардтарға қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кәсіпкерлік субъектілеріне қаржы қызметтерін заң талаптарына сәйкес жүзеге асырудың маңыздылығы түсіндіріліп, заң бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі ескертілді.

    Аталған шара азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамда заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

    Заң мен тәртіп қағидатын сақтау – қоғам қауіпсіздігі мен тұрақтылығының маңызды негізі. Осы бағыттағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түлкібас ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары