Түлкібас ауданы әкімінің аппараты
Түлкібас ауданы әкімінің аппараты – Түлкібас ауданы әкімдігінің және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін коммуналдық мемлекеттік мекеме
Жаңалықтар
ТҮРКІСТАНҒА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ ӘНДЕРІ ФЕСТИВАЛІНІҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ КЕЛДІ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ АҚСУ ШАТҚАЛЫНДА КӨРУ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ
ОКСФОРД УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУ ҮШІН ТҮРКІСТАНҒА КЕЛДІ
ТҮРКІСТАН – ХУБЭЙ: ӨҢІРЛІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҚАЛАЛАР ДЕҢГЕЙІНДЕ ЖАҢА СЕРПІН АЛАДЫ
«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖАҢА БУЫНДЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҚТАРЫН ЖАБДЫҚТАУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ
850 ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ БҰЗЫЛҒАН ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ
Құжаттар
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның демографиялық сипаттамасы және болашаққа болжамдар
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның демографиялықсипаттамасыжәне болашаққа болжамдар 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны шамамен 20,5 млн адамға жетті. Оның ішінде 25 жасқа дейінгі азаматтар – 8,79 млн адам (42,9%), 25 жастан 65 жасқа дейінгілер – 9,73 млн адам (47,5%), 65 жастан асқандар – 1,98 млн адам (9,6%)[1]. Демографиялық болжамдарға сәйкес, 2050 жылға қарай халық саны 26,5 млн адамға дейін өседі. Қазақстан халқы санының өсуімен қатар оның жас құрылымы да өзгеруде: өмір сүру ұзақтығы артып, туу деңгейі төмендеп, егде жастағы азаматтардың үлесі өсуде, сондай-ақ еңбекке қабілетті халық санының зейнеткерлер санына арақатынасы қысқаруда. Бұл өзгерістер елдің әлеуметтік-экономикалық жүйесіне, оның ішінде зейнетақы жүйесіне елеулі ықпал етуде. Демография мен еңбек нарығындағы жаһандық үрдістерді ескере отырып, Мемлекет басшысы өз Жолдауында «зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайту, ұзақ мерзімді теңгерімді және зейнетақылардың лайықты деңгейін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау» міндетін қойды. Өмір сүру ұзақтығы және егде жастағы адамдардың үлесі Күтілетін өмір сүру ұзақтығы (КӨСҰ)[2] 2020-2021 жылдары COVID-19 індетіне байланысты төмендеген 2021 жылғы 70,23 жастан 2025 жылы 75,97 жасқа дейін өсті. Осындай үрдіс жаһандық деңгейде де байқалады: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бағалауынша, індет кезінде 71,4 жасқа дейін төмендеген әлемдегі орташа күтілетін өмір сүру ұзақтығы 2025 жылға қарай індетке дейінгі деңгейіне қайта оралып, орта есеппен 73,8 жасқа жетті. Осылайша, Қазақстан күтілетін өмір сүру ұзақтығы көрсеткішінің өсуі бойынша әлемдіккөшпен бірге жылжып келеді (кестені қараңыз): Жыл 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023 2024 2025 Бүкіл халық(жасы) 71,97 72,41 72,95 73,15 73,18 71,37 70,23 74,44 75,09 75,44 75,97 Ерлер(жасы) 67,49 67,99 68,72 68,84 68,82 67,09 66,33 70,26 70,99 71,33 72,91 Әйелдер(жасы) 76,26 76,61 76,92 77,19 77,3 75,53 74,03 78,41 79,06 79,42 79,8 Бұл ретте егде жастағы халық үлесінің айтарлықтай өсуі болжанады. БЖЗҚ мен Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) болжамдарына сәйкес, 2050 жылға қарай 60 және одан жоғары жастағы азаматтардың үлесі Қазақстандағы халықтың жалпы көлемінің 18,8% - на жетеді, бұл халықаралық жіктеу бойынша "демографиялық кәріліктің өте жоғары деңгейі" көрсеткішіне сәйкес келеді. Басқаша айтқанда, ғасырдың ортасына қарай орта есеппен әрбір алтыншы қазақстандық 60 жастан асқан болады. Халықтың жалпы көлеміндегі 60және одан үлкен жастағы адамдардың үлесдерегімен болжамы Туудың жиынтық коэффициенті Халықтың құрылымына айтарлықтай әсер ететін көрсеткіштердің бірі – туудың жиынтық коэффициенті (ТЖК). Ол бір әйелдің бүкіл репродуктивтік кезеңі ішінде (яғни шамамен 15 жастан 50 жасқа дейін) орта есеппен қанша бала туатынын көрсетеді. 2020–2021 жылдардағы ТЖК-нің қалыпты өсуінен кейін, оның тұрақты төмендеу үрдісі байқалды: 2021 жылғы 3,32-ден 2022 жылы 3,06-ға дейін, ал 2025 жылы 2,57-ге дейін төмендеді. БҰҰ-ның ұзақ мерзімді болжамына сәйкес, 2050 жылға қарай Қазақстандағы ТЖК-нің бір әйелге шаққанда 2,39 бала деңгейіне дейін төмендейді. Қазақстандағы 2015–2025 жылдар аралығындағы ТЖК-нің нақты мәндері төмендегі кестеде көрсетілген: Жыл 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021 2022 2023 2024 2025 ТЖК 2,74 2,77 2,75 2,84 2,90 3,13 3,32 3,06 2,97 2,80 2,57 Туу деңгейінің төмендеуі – әлемдік деңгейде байқалып отырған үрдіс. Бұл өмір сүру ұзақтығының артуымен қатар жүріп, еңбекке қабілетті жастағы халық үлесінің қысқаруына алып келеді. Соның салдарынан экономикалық белсенді халыққа түсетін демографиялық жүктеме артады. Көші-қон сальдосы[3] Қазақстандағы БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы саласындағы қорының (UNFPA) өкілдігі «Қазақстан Республикасындағы халықтың ахуалын талдау» атты есебінде 2050 жылға қарай көші-қон сальдосының біртіндеп нөлдік деңгейге (1000 адамға шаққанда 0) жететінін болжайды. Бұл болжам республиканың еңбек күшіне деген жоғары сұраныспен қатар жүретін экономикалық дамуына, этникалық эмиграция әлеуетінің біртіндеп сарқылуына, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстігіндегі елдер халқының жылдам өсуіне негізделген. Төменде 2021–2025 жылдар аралығындағы иммигранттар мен эмигранттар саны келтірілген: Жыл 2 021 2 022 2 023 2 024 2 025 Келді 11 039 17 425 25 387 29 282 23 761 Кетті 32 256 24 147 16 094 12 732 7 608 Көші-қон сальдосы -21 217 -6 722 9 293 16 550 16 153 Осылайша, індеттен кейін Қазақстанға келушілердің жыл сайынғы саны 2021 жылдан бастап 2,15 есе өсті, ал кеткендердің саны 4,24 есе азайды. Әлеуеттіқолдау коэффициенті Әлеуетті қолдау коэффициенті (ӘҚК) – әлемде еңбекке қабілетті жастағы адамдар санының (25-тен 64 жасқа дейін) 65 жастағы және одан асқан адамдар санына қатынасы ретінде есептелетін көрсеткіш. Бұл коэффициенттің төмендеу үрдісі жалғасып келеді. Еңбекке қабілетті жастағы адамдардың (25–64 жас) егде жастағы адамдарға (65 жас және одан жоғары) арақатынасы 2012 жылғы 7,68-ден 2025 жылы 4,95-ке дейін төмендеді. Егде жастағы халық санының күтілетін өсімін 25-тен 64 жасқа дейінгі халық үлесінің қысқаруымен ұштастыра отырып (диаграмманы қараңыз) жасалған болжамдарға сәйкес (БЖЗҚ-да, БҰҰ-да), Қазақстанда 2025-2050 жылдар кезеңінде ӘҚК 1,4 еседен астам төмендейтінін білдіреді: 65+ жастағы 1 адамға шаққанда еңбекке қабілетті жастағы 3,42 адам ғана келеді. Әлеуетті қолдау коэффициенті бойынша нақты дерек пен болжам Осылайша, бүкіл әлемдегідей, Қазақстандағы демографиялық өзгерістер де ел бюджетіне түсетін әлеуметтік жүктемені күшейтетін болады. Мұндай жағдайда жинақтаушы зейнетақы жүйесінің маңызы арта түседі. Бұл жүйеде болашақ зейнетақы жұмыскер мен жұмыс берушінің жарналары есебінен қалыптастырылады, соның нәтижесінде бюджетке ұзақ мерзімді кейінге қалдырылған міндеттемелер жүктелмейді, зейнетақы жүйесінің теңгерімділігі мен қаржылық тұрақтылығықамтамасыз етіледі және оның демографиялық факторларға тәуелділігі төмендейді. Демографиялық өзгерістер жағдайындағы жеке зейнетақыны жоспарлау Демографиялық өзгерістер (халықтың қартаюы, өмір сүру ұзақтығының артуы, бала туу деңгейінің төмендеуі) жағдайында жеке зейнетақыны жоспарлаудың рөлі артып келеді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі азаматтарға тұрақты жарналар мен инвестициялық кіріс есебінен өздерінің болашақ зейнетақы түріндегі табыстарына өз бетінше ықпал етуге мүмкіндік береді. 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістер зейнетақы жинақтарын басқарудың қосымша мүмкіндіктерін ұсынады. БЖЗҚ салымшылары өздерінің зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) сенімгерлік басқаруға бере алады. Бұдан басқа, әрбір ИПБ тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілігі және инвестициялар құрылымы бойынша ерекшеленетін үш инвестициялық портфельге дейін (консервативті, қалыпты және тәуекелі жоғары) ұсына алады. Бұл салымшыларға өздерінің қаржылық мақсаттарына сәйкес келетін инвестициялық стратегияны таңдауға мүмкіндік береді. ҚРҰБ мен ИПБ-ның инвестициялау нәтижелері туралы толық ақпаратты БЖЗҚ-ның invest.enpf.kz арнайы порталынан алуға болады. Зейнетақыны болжау және жоспарлау үшін БЖЗҚ екі ыңғайлы сервис – «Зейнетақы калькуляторы» және «Дербес зейнетақы жоспарын» ұсынады. Олар БЖЗҚ сайтында және мобильді қосымшасында қолжетімді. Осы сервистердің көмегімен болашақ зейнетақы мөлшерін есептеп, келешек кірісті арттырудың ықтимал жолдарын анықтауға болады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында). [1] Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының (ҚР СЖРА ҰСБ) деректері бойынша [2] Халықтың өлім-жітім деңгейі қарастырылып отырған жылғыдай сақталған жағдайда, адамның орташа өмір сүру ұзақтығының күтілетін мәні [3] Белгілі бір кезең ішінде қандай да бір аумаққа келгендер саны мен одан кеткендер (қоныс аударғандар) санының арасындағы айырмашылық.
Хабарландыру
«Қазығұртауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 43-1 бабына, Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі КОНКУРСжариялайды. Конкурстың өткізілетін күні, уақыты және орны:конкурс 2026 жылы 21қыркүйек сағат 16-00 деҚазығұрт ауданы, Қазығұрт елді мекені, Д.Қонаев көшесі №2«Д» үйде орналасқан «Кәсіпкерлік мектебі» ғимаратының екінші қабатының мәжіліс залында өткізіледі. Өтінімдер беру мерзімі мен орны:Конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді қабылдау хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында шыққан күннен 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін басталады және 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2026 жылғы18 қыркүйек сағат 16-00 ге дейін Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елді мекені, Д.Қонаев көшесі №2 «Д» үйде орналасқан «Кәсіпкерлік мектебі» ғимаратының 1 қабат, № 6 бөлмесінде (кабинет) «Қазығұрт ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде қабылданады. Конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің сипаттамасы № Ауыл округ атауы Барлықжеркөлемі га Оныңішінде Біржылдықжалға беру құны 1,0 гектарға, теңге Егістік га Суармалыегістік га Жайылым га Жалғаберумерзімі Жеручаскесініңпайдаланумақсаты 1 Қ.Әбдәлиев а/о. 15,0 15,0 10 жыл А/ш өндірісін жүргізу үшін 15,45 Барлығы: 15,0 15,0 Конкурсқа Қазақстан Республикасының жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар (шетелдіктердің қатысуынсыз) қатыса алады. Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі: 1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім; 2) конкурстық ұсыныс; Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы "Ақпараттандыру туралы" Заңына сәйкес "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша беріледі. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы берілген конкурсқа қатысуға арналған өтінім аудандық электрондық құжат айналымы арқылы түседі. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық ұсыныс аудандық органдарына өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін он бес жұмыс күні ішінде қолма-қол енгізіледі, одан кейін өтінім электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі. 4.Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдеЖер кодексінің 43-1бабының 9-тармағына сәйкес: 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер; 2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер; 3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері; 4) конкурстық ұсыныс; 5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады. Конкурстық ұсыныста: 1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны); 2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау; 3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуы тиіс. Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады. Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады. Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс. Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс"; " жылғы __________"_____ " дейін АШУҒА БОЛМАЙДЫ" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады. Жер кодексінің 43-1-бабы 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін конкурсқа қатысуға арналған өтінімнен бас тартылады. 10. Қатысушы өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өзінің өтінімін өзгерте немесе кері қайтара алады. Өзгеріс өтінім сияқты дайындалады, мөрленеді және ұсынылады. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтару туралы хабарлама, егер оны аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады. Өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді. Конкурсқа қатысты барлық сұрақтарға жауаптар мен кеңесті Қазығұрт ауданының жерқатынастары бөлімінен алуға болады. Мекен-жайы: Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елді мекені, Қонаев көшесі № 2 «Д»үйінде орналасқан «Кәсіпкерлік мектебі» ғимараты, тел. 8 7025915358 Конкурсқа қатысуға өтінімніңнысаны: Конкурсқа қатысуға өтінім (заңды тұлғалар үшiн) (Кiмге) «Қазығұрт аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ _____________________________________________________________________________(конкурсты ұйымдастырушының атауы) (Кiмнен)_____________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы, мекен-жайы) __________________________________________________________________________________Осы өтініммен _____________________________________________________________________________ (жер учаскесінің сипаттамасы, жер көлемі) _____________________________________________________________________________________________ жер учаскесіне жалдау құқығын беру жөніндегі конкурсқа конкурстық құжаттама мен хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес қатысуға ниет білдіремін. Осы конкурстық өтінімге қоса тіркеледі: _________________________________________________________________________ (заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер) __________________________________________________________________________ (жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер) ___________________________________________________________________________ (өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер) 4.____________________________________________________________________________ (конкурстық ұсыныс) Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады. Шаруа немесе фермер қожолығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттілігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасауға міндеттенемін. Заңды тұлға үшін: __________________ ____________________________ (қолы) (қызметi, аты-жөнi) М.О. Конкурсқа қатысуға өтінім (жеке тұлғалар үшiн) (Кiмге)«Қазығұрт аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ _____________________________________________________________________________(конкурсты ұйымдастырушының атауы) (Кiмнен) __________________________________________________________________(өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) Осы өтініммен_______________________________________________________________________ (жер учаскесінің сипаттамасы, жер көлемі) _____________________________________________________________________________ жер учаскесіне жалдау құқығын беру жөніндегі конкурсқа конкурстық құжаттама мен хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес қатысуға ниет білдіремін. Өтімім беруші жеке тұлға туралы мәлімет және қос тігілеттін құжаттар тізбесі: _______________________________________________________________________ (тұрғылықты жері) 1) Азаматтығы:_____________________________ 2)ЖСН: _____________________________ 3) Жеке куәлік мәліметтері: _____________________________________________ ___________________________________________________________________________ (конкурстық ұсыныс) ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады. Шаруа немесе фермер қожолығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттілігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасауға міндеттенемін. Жеке тұлға үшін: _________________ ____________________________ (қолы) (аты-жөнi)