Түлкібас ауданының тұрғындарына маңызды ақпарат!

    Түлкібас ауданы әкімінің аппараты

    Түлкібас ауданы әкімдігінің жер қатынастаы бөлімі мемлекеттік мекемесінен Түлкібас ауданы тұрғындарына жер бойынша бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсетеді:

    Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту;

    ▪️Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

    ▪️Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

    ▪️«Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету;

    ▪️Ісдестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру;

    ▪️Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру

    ▪️Сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпитін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу

    ▪️Бүлінген жерлерді рекультивациялау жобасын келісу және беру

    Сіздерге, Қазақстан Республикасының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы жерлерін басқару саласында цифрландыруды күшейту, заңнамалық талаптарды қатайту және пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару бағытында өте маңызды реформалар мен жаңашылдықтар жүзеге асырылып жатқандығы туралы төмендегідей мәліметті назарыңызға жеткіземіз:

    Қазіргі таңда бұл саладағы негізгі жаңалықтар мынадай бағыттарды қамтиды:

    1. Конкурстардың толық электронды форматқа көшуі

    Жер кодексіне енгізілген соңғы түзетулерге сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға беру конкурстары мемлекеттік мүлік тізілімінің порталында толығымен электрондық форматта өткізіледі. Бұл қадам жер бөлу рәсімдерінің ашықтығын арттырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған.

    2. Пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару

    Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңсыз берілген немесе иелері тарапынан ұзақ уақыт бойы игерілмей бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне мәжбүрлеп қайтару науқаны жалғасуда. Жайылымдарды тартып алу нормасының жұмсартылуы: Бұрын жайылымдық жерлер белгіленген шекті норманың 50%-нан кем жүктелсе (мал басы аз болса) тартып алынатын. Енді бұл көрсеткіш 30%-ға дейін төмендетілді. Бұл шаруаларға өз мал басын реттеуге көбірек мүмкіндік береді.

    3. Жалға алынған жерлерді ресімдеудің жаңа ережелері

    Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің жаңа қағидалары бекітілді. Оның ішінде құрылыс нысаны пайдалануға берілгеннен кейін бұрын жалға алынған жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру және ортақ үлестік меншіктегі жер үлестерін қайта ресімдеу тәртібі нақтыланды.

    Ұқсас материалдар

    Хабарландыру

    ТҮЛКІБАС АУДАНЫ БОЙЫНША КІТАПХАНАЛАРДЫҢ ОРНАЛАСУЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

    № мекеме атауы мекен-жайы орналасқан орны телефон Лауазымы 1 Аудандық орталық Т.Рысқұлов ауылы, Рысқұлов көшесі 203 Жеке ғимаратта орналасқан 8725-38-52-654 К.Кенжебаева ОКЖ-нің директоры 2 Аудандық балалар кітапханасы...

    Түлкібас ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Хабарландыру

    Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және «Кітап оқитын ұлт» жобасын жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы

    Түлкібас ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Хабарландыру

    29 қараша маслихаттар депутаттарының сайлауы

    Түлкібас ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Хабарландыру

    2026 жылдың 1 қарашасына “Азаматтық бюджет”

    Түлкібас ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Тіркеу қорытындылары

    Түркістан облысы Түлкібас аудандықмәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) 2026 жылғы 1 қарашадағы сағат 18.00-гі жағдай бойынша № р/р Аты-жөні, тегі Туған жыл...

    Түлкібас ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Ұсыну қорытындылары

    Түркістан облысы Түлкібас аудандықмәслихатының депутаттығына кандидаттардың ұсынылуы туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) 2026 жылғы 27 қазандағы сағат 18.00-гі жағдай бойынша № р/р Аты-жөні, тегі Туған...

    Түлкібас ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Сайлау учаскелерінің шекаралары

    Аудан әкімі 2020 жылғы 17 наурызы № 4 Түлкібас ауданы әкімінің 2020 жылғы «__»________№____ шешіміне қосымша Түлкібас ауданы бойынша сайлау учаскелерінің тізбесі №792 сайлау учаскесі Орталығы: С.Бреусов атындағы жалп...

    Түлкібас ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Сайлау комиссияларының құрамдары

    Түлкібас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Қ Ұ Р А М Ы Орталығы– Т.Рысқұлов ауылы, С.Ахметов көшесі 205, аудандық мәдениет үйінің ғимараты 1. Қаратаев Ерден Абдынурович - аудандық аумақтық сайлау коиссиясының төра...

    Түлкібас ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды: