1 / 9
2026 жылғы 23 қазанда Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясында ұлттық мереке – Республика күніне орай салтанатты жиын өтті.
Жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Тексеру комиссиясының төрағасы мерекенің тарихи маңызына тоқталып, Республика күні еліміздің мемлекеттілігі мен тәуелсіздігінің құндылықтарын айшықтайтын маңызды мереке екенін атап өтті. Сондай-ақ мекеме қызметкерлерін мерекемен құттықтап, қызметтеріне табыс тіледі.
Мерекелік шара аясында мемлекеттік аудит саласындағы еңбегі мен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін Тексеру комиссиясының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы Төрағасының Құрмет грамотасымен, Тексеру комиссиясының алғыс хаттарымен марапатталды.









