Жезқазған қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасындағы қалалық ашық біріншілік өтті. Жарысқа Жезқазған, Сәтбаев қалаларынан, Жезді, Талап елдімекендері мен Ұлытау ауданынан келген жас спортшылар қатысты, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.
Спорттық додада 2013-2014 және 2016-2017 жылдары туған ұлдар мен 2014-2016 жылдары туған қыздар өзара бақ сынасты. Жас дзюдошылар татамиде шеберліктері мен дайындық деңгейлерін көрсетіп, жүлделі орындар үшін белдесті.
Қалалық спорт бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылған біріншілік жас спортшыларды қолдауға, олардың жарыс тәжірибесін арттыруға және дзюдо спортын кеңінен насихаттауға бағытталды.
Тартысты белдесулер қорытындысы бойынша үздік спортшылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









