Жезқазғанда қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы Азия кубогі өтеді

    11-14 қараша аралығында Жезқазған қаласында қазақ күресінен 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында Азия кубогі өтеді. Халықаралық жарыс Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Д. Биткөзовтің жүлдесіне арналады, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

    Спорттық додаға Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің облыстарынан, сондай-ақ шет мемлекеттерден ұлттық құрама командалар қатысады.
    Жас балуандар сегіз салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі: 50, 55, 60, 65, 70, 76, 82 және 90 келіден жоғары.
    Жарыс Жезқазған қаласындағы «Жігер» спорт кешенінде (Бейбітшілік көшесі, 36) ұйымдастырылады.
    Жарыс бағдарламасы:
    – 11 қараша – командалардың келуі және мандаттық комиссияның жұмысы;
    – 12 қараша – жарыстың ашылу салтанаты, белдесулер және марапаттау рәсімі;
    – 13 қараша – белдесулер және жеңімпаздарды марапаттау;
    – 14 қараша – командалардың кері қайтуы.
    Халықаралық турнирдің негізгі мақсаты – қазақ күресін дамыту, жас спортшылардың шеберлігін шыңдау және елдер арасындағы спорттық байланысты нығайту.
    Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен спорт жанкүйерлерін жарысты тамашалап, жас балуандарға қолдау көрсетуге шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары