Үй қауіпсіздігі қарапайым, бірақ маңызды нәрселерден басталады. Солардың бірі-қауіп туралы дер кезінде ескертуге көмектесетін арнайы құрылғыларды орнату.
Автономды түтін өрт хабарлағышы түтін пайда болған кезде іске қосылып, дыбыстық белгі береді. Бұл өртті дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Автономды көміртек тотығы (иіс газы) хабарлағышы газдың қауіпті мөлшерін анықтап, дыбыстық белгі арқылы ескертеді. Иіс газының түсі де, иісі де жоқ, сондықтан оны адамның сезім мүшелері арқылы анықтау мүмкін емес.
Әр құрылғыны өндірушінің нұсқаулығына сәйкес орнату қажет. Газ жабдықтары, пештер мен каминдер орналасқан бөлмелерге ерекше назар аударыңыз.
Ал автономды түтін өрт хабарлағышын қалай дұрыс орнатуға болады? Келесі бейнероликтен көріңіз-барлығын кезең-кезеңімен көрсетеміз!
Есіңізде болсын: өмірді сақтап қалуға көмектесетін қауіпсіздік қарапайым шешімдерден басталады.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









