Шахтинскіде балаларға арналған жеті жаңа ойын алаңы салынды

    Шахтинск қаласында биыл балаларға арналған жеті жаңа ойын алаңы салынды. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Абай Құнанбаев, Жеңістің 40 жылдығы, Жастар, Ленинград және Карл Маркс көшелеріндегі аулалар абаттандырылды.

    Шахтинскіде балаларға арналған жеті жаңа ойын алаңы салынды

    Жаңа алаңдарға сырғанақтары бар ойын кешендері, әткеншектер, құмсалғыштар мен спорттық құрылғылар орнатылды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жерге резеңке жабын төселіп, алаңдар қоршалды. Қазір аумақтарды жарықтандыру жұмыстары аяқталып келеді.

    Шахтинскіде балаларға арналған жеті жаңа ойын алаңы салынды

    Шахтинскіде балаларға арналған жеті жаңа ойын алаңы салынды

    Ауладағы оң өзгерістерге тұрғындар да қуанып жатыр. Жастар көшесіндегі № 81 үйдің тұрғыны Әсия Майдинаның айтуынша, жұрт мұны көп жылдан бері күткен.

    Шахтинскіде балаларға арналған жеті жаңа ойын алаңы салынды

    — Бұл үйде тұрып жатқанымызға 30 жыл болды. Осы уақыт ішінде ауламыз абаттандырылған емес. Тұрғындар өз күшімізбен балалар алаңын жасауға тырыстық, алайда оған қаражатымыз да, мүмкіндігіміз де жетпеді. Енді аулаға шыққанда, айналаның өзгергенін көріп, көңіліміз қуанады. Ең бастысы — балалардың мәз-мейрам болып, қуанып жүргені, - деді Әсия Майдина.

    Шахтинскіде балаларға арналған жеті жаңа ойын алаңы салынды

    2025 жылдан бері Шахтинскіде «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 17 балалар ойын алаңы жабдықталды. Оның 10-ы өткен жылы, жетеуі биыл салынған. Қалада мұндай 84 ойын алаңы қажет. Ал 2027 жылы тағы төрт алаңды жабдықтау жоспарланып отыр.

    Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше

    Шахтинскіде балаларға арналған жеті жаңа ойын алаңы салынды

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары