Қарағандының Оңтүстік-Шығысында жаңа энергетикалық торап салынады

    Қарағандының Оңтүстік-Шығыс шағынауданындағы № 2043 трансформаторлық қосалқы станция жаңғыртылады. Тозығы жеткен жабдықтар жаңасына ауыстырылып, әрқайсысының қуаты 630 кВА болатын екі трансформатор орнатылады. Бұл тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандарын электр қуатымен үздіксіз әрі сенімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Қарағандының Оңтүстік-Шығысында жаңа энергетикалық торап салынады

    Жаңғырту аясында кірпіш ғимарат пен электр тарату жабдықтарын қоса алғанда, ескі инфрақұрылым толықтай демонтаждалады. Оның орнына болат корпусты заманауи блокты қосалқы станция орнатылады.

    Қарағандының Оңтүстік-Шығысында жаңа энергетикалық торап салынады

    Жаңа энергетикалық торап Мұқанов көшесіндегі тұрғын үйлерді, Университет көшесіндегі қонақүй мен жанармай құю станциясын, сондай-ақ автокөлік жуу орнын, дәмхананы, техникалық қызмет көрсету станциясын және тігін цехын электр қуатымен қамтамасыз етеді.

    Қосалқы станцияны жаңарту жабдықтардың тозуына байланысты туындауы мүмкін электр қуатының үзілу қаупін азайтып, тұрғындар мен кәсіпкерлік нысандарын тұрақты электрмен жабдықтауға жағдай жасайды.

    Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары