2026 жылғы 3 қарашада Жетісу облысының туристік әлеуетін дамыту және көлік қолжетімділігін арттыру мәселелеріне арналған баспасөз конференциясы өтті.
Іс-шара барысында өңірдің туристік мүмкіндіктері, әуе қатынасын кеңейту және ішкі туризмді дамыту перспективалары талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша Жетісу облысының Туризм басқармасы, Жетісу облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен FlyArystan әуе компаниясы арасында үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжат аясында тараптар әуе қатынасын дамыту, туристер үшін өңірге жету мүмкіндіктерін кеңейту және туристік әлеуетті ілгерілету бағытында бірлесіп жұмыс істеуді көздейді.
Атап айтқанда, FlyArystan әуе компаниясы өңірге әуе рейстерін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл көлік қолжетімділігін арттырып, туристер ағынын көбейтуге және өңірдің туристік тартымдылығын нығайтуға мүмкіндік береді.
Меморандум мемлекеттік органдар мен жеке сектор арасындағы әріптестікті нығайтып, Жетісу облысының туризм саласын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Облыстық туризм басқармасының мәліметі бойынша дайындалды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






