ТУБЕРКУЛЕЗ - ЕМДЕЛЕТІН АУРУ, БІРАҚ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҢЫЗДЫ

    Алматы қаласының №21 қалалық емхананың фтизиопедиатр дәрігері Жұманова Айнұр Абдикасимқызы №193 қалалық жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Туберкулездің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
    *Туберкулез қалай жұғады?*
    Ауру қоздырғышы (Кох таяқшасы) науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде ауа-тамшы жолымен тарайды. Иммунитеті әлсіз балалар мен жасөспірімдер ауруға бейім келеді.
    *Қандай белгілерге мән беру керек?*
    🔸 2-3 аптадан асатын жөтел;
    🔸 Дене қызуының аздап көтерілуі (37–37,5°C);
    🔸 Түнде терлеу, тез шаршау, тәбеттің төмендеуі және салмақ жоғалту.
    *Қорғану жолдары:*
    🛡️ Уақытылы профилактикалық тексеруден өту (Манту сынамасы, Диаскинтест, 15 жастан бастап флюорография);
    🛡️ Дұрыс әрі құнарлы тамақтану, спортпен шұғылдану;
    🛡️ Бөлмені жиі желдетіп, тазалық сақтау.
    Өз денсаулығыңызға бейжай қарамаңыз! Күмәнді белгілер байқалса, дереу учаскелік дәрігерге жүгініңіз.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары