Ұлытау облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Осы бағытта Жезқазған қаласында полиция қызметкерлері мен қалалық білім бөлімінің өкілдері бірлескен рейд өткізді, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.
Рейд барысында жасөспірімдерге қоғамдық тәртіпті сақтау, түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болмау және құқық бұзушылыққа жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың бос уақытын қадағалау және заңнама талаптарын сақтау жөніндегі міндеттері түсіндірілді. Заң талаптары бұзылған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделгені ескертілді.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және ата-аналардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.
Облыста кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған рейдтік жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









