Ұлытау облысының екі оқушысы республикалық ауыл олимпиадасының жүлдегері атанды

    1 / 3

    Ұлытау облысының екі оқушысы ауыл мектептеріне арналған республикалық олимпиадада жүлделі үшінші орындарды иеленді, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

    Республикалық білім сайысында өңір оқушылары Қазақстан тарихы және құқық негіздері пәндері бойынша сынға түсіп, жоғары нәтиже көрсетті.
    Атап айтқанда, Ұлытау ауданындағы №1 тірек мектебінің 10-сынып оқушысы Қарлығаш Абуова Қазақстан тарихы пәнінен ІІІ орынға ие болды.
    Ал Жаңаарқа ауданындағы Бименде Амалбеков атындағы тірек мектептің 11-сынып оқушысы Жасмин Мұхаметқалиева құқық негіздері пәнінен ІІІ орынды еншіледі.
    Осылайша, Ұлытау облысының оқушылары республикалық олимпиаданы екі қола жүлдемен аяқтады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары