Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    1 / 3

    Жанама ауылдық округінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Іс-шара аясында ауыл тұрғындарына сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны, пара беру мен пара алудың заңға қайшы екендігі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін заңнамада көзделген жауапкершілік туралы ақпарат қамтылған брошюралар таратылды.

    Сонымен қатар, тұрғындарға заң талаптарын сақтау, адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстану және сыбайлас жемқорлық фактілеріне бейжай қарамау қажеттігі түсіндірілді.

    Мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасын қалыптастыруға, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға және адалдық құндылықтарын нығайтуға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Жанама ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары