«Қарттарым – асыл қазынам»

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «Қарттарым – асыл қазынам»

    Қарабұлақ ауылында Халықаралық қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» атты салтанатты мерекелік кеш өтті.
    Ауылдың өркендеуіне елеулі үлес қосқан ардақты ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарымызға арналған бұл кеш округ әкімінің ыстық ықыласы мен ізгі құттықтауымен басталды.
    Мерекелік шарада мектеп өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салып, ауыл қарияларына арнап әсем әннен шашу шашып, би билеп, ерекше көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
    Кеш соңында ауыл келіндерінің ұйымдастыруымен ақ дастархан жайылып, ардақты қонақтарға дәм ұсынылды. Баталы қарияларымыз ізгі тілектерін білдіріп, мерекелік кеш жоғары деңгейде қорытындыланды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары