2026 жылғы 22–23 қазанда Алматы қаласында биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ), функционалдық өнімдер және спорттық тамақтану нарығын реттеу мәселелеріне арналған NUTRICON CENTRAL ASIA 2026 халықаралық көрмесі мен конференциясы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми қолдауымен және «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» АҚ-мен серіктестікте ұйымдастырылды.
Пленарлық сессия барысында Комитет төрағасының орынбасары Нұрқан С ә д у ақасов саланы мемлекеттік реттеудің негізгі басымдықтарын атап өтті. Олардың қатарында өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету, нарықтың ашықтығын арттыру, бақылауды цифрландыру және тұтынушыларды өнімнің қасиеттері туралы жалған ақпараттан қорғау мәселелері болды.
Н.Сәдуақасовтың айтуынша, нарықтың дамуы өнім қауіпсіздігі талаптарының сақталуымен және адал кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасаумен қатар жүруі тиіс. Сонымен бірге ББҚ дәрілік заттарға жатпайды және ауруларды емдеу құралы ретінде ұсынылмауы керек.
Баяндаманың негізгі тақырыптарының бірі 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда белгіленген талаптарға жататын ББҚ үшін енгізілген міндетті цифрлық таңбалау болды. 21 қазандағы жағдай бойынша ақпараттық жүйеде нарықтың 420-дан астам қатысушысы тіркеліп, өнімдердің 3,5 мыңнан астам карточкасы жасалды және 120 мыңнан астам таңбалау коды қолданылды. 2027 жылғы наурыздан бастап өнімдердің қадағалану тетіктерін дамыту көзделген.
Сондай-ақ интернетте ББҚ сату кезіндегі ықтимал заңбұзушылықтарды анықтауға арналған жасанды интеллект құралы таныстырылды. Kaspi және Satu сауда алаңдарындағы ұсыныстарды талдау нәтижесінде қосымша тексеруді қажет ететін 14 279 тауар позициясы анықталды. Алынған нәтижелер сараптамалық тексеруден өткізіліп, белгіленген тәртіппен расталуы тиіс болды.
Сөз соңында Нұрқан Сәд у ақасов саланы реттеуді жетілдіру және өнім қауіпсіздігін арттыру үшін мемлекет, бизнес және сарапшылар қауымдастығы арасындағы ынтымақтастықтың, сондай-ақ халықаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.
Конференцияға қатысушылар өнім айналымының ашық ережелері мен оны нарыққа жауапкершілікпен ілгерілетудің саланың тұрақты дамуы және тұтынушылар сенімін нығайту үшін маңызды екенін атап өтті.









