Сархат Бейсенова Жаңғала обаға қарсы күрес бөлімшесінің қызметімен танысты

    1 / 6

    Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Комитет төрағасы Сархат Бейсенова Жаңғала обаға қарсы күрес бөлімшесіне барып, оның жұмысымен танысты.

    Сапар барысында бөлімшенің негізгі қызмет бағыттары, оның ішінде аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарын зерттеу, эпизоотологиялық мониторинг жүргізу, зертханалық зерттеулерді ұйымдастыру және профилактикалық іс-шараларды іске асыру жұмыстары таныстырылды.

    Материалдық-техникалық базаның және зертханалық инфрақұрылымның жай-күйіне ерекше назар аударылды. Бұл мәселелер бөлімшенің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және обаға қарсы күрес қызметінің өзіне жүктелген міндеттерді орындауға әзірлігін сақтау тұрғысынан маңызды.

    Комитет төрағасының Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары екі күнге жоспарланған. Сапар бағдарламасында облыс әкімінің орынбасарымен кездесу, Комитеттің кеңейтілген көшпелі кеңесін өткізу, сондай-ақ өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет нысандарын аралау көзделген.

    Мамандандырылған ұйымдарға бару олардың күнделікті жұмысымен танысуға, инфрақұрылымның жай-күйін бағалауға және назар аударуды қажет ететін өзекті мәселелерді айқындауға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" жаңалықтары