БҰҰ-ның «GLOCAL: Global Goals. Local Lives» көрмесі

    1 / 8

    БүгінАстанадаҚазақстанРеспубликасыныңҰлттықмузейіндежергіліктідеңгейдеТұрақтыдамумақсаттарынақолжеткізугеүлесқосыпжүргенадамдарғаарналғанБҰҰ - ның «GLOCAL: Global Goals. Local Lives» көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

    Көрмеге Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде тұратын, денсаулық сақтау мен білім беруді дамытуға, әлеуметтік инклюзияны нығайтуға, гендерлік теңдікті ілгерілетуге және климаттың өзгеруіне қарсы күреске үлес қосып жүрген адамдардың 30 портреті мен жеке өмір тарихы қойылды. Көрме БҰҰ-ның жаһандық мақсаттары нақты бастамалар мен өз қауымдастықтарының өмірін жақсартуға бағытталған адамдардың күнделікті еңбегі арқылы қалай жүзеге асатынын көрсетті.

    Көрме экспозициясында маман дард ың өмір тарихына ерекше орын берілді. Олардың үлгісі кәсіби іске адалдықтың, ағартушылық жұмыстың және жергілікті қауымдастықтармен өзара іс-қимылдың халық денсаулығын нығайтуға әрі аурулардың алдын алу туралы хабардарлықты арттыруға қалай ықпал ететінін көрсетті.

    «GLOCAL: Global Goals. Local Lives» көрмесі келушілерді кәсіби қызметі мен азаматтық белсенділігі Қазақстанның орнықты дамуына үлес қосып жүрген адамдармен таныстырды. Сонымен қатар көрме жергілікті бастамалардың БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі маңызын айқындады.

    Іс-шара аясында сондай-ақ көрме экспозициясына экскурсия ұйымдастырылып, қабылдау өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті" жаңалықтары