Қазыналы қарияларға құрмет көрсетілді

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Қазыналы қарияларға құрмет көрсетілді

    Жанама ауылында 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты мазмұнды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

    Игі шараның басты мақсаты – ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан, ел бірлігі мен берекесінің ұйытқысы болып отырған ардақты ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға құрмет көрсету.

    Жиын шымылдығын ашқан ауылдық округ әкімі аға буын өкілдерін мерекемен құттықтап, олардың өнегелі өмір жолы жас ұрпаққа қашанда үлгі екенін атап өтті.

    Мерекелік кеш барысында мектеп өнерпаздары арнайы дайындалған концерттік бағдарлама ұсынды. Жас таланттар әуезді ән шырқап, мың бұрала би билеп, қадірлі қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

    Шара соңында ауыл келіндерінің ұйытқы болуымен мерекелік ақ дастархан жайылып, қарияларға сый-құрмет көрсетілді. Өз кезегінде көпті көрген ақсақалдар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, ел амандығы мен жұрт тыныштығы үшін ақ баталарын берді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары