
Облыстағы еріктілердің, оның ішінде мобильді топтар құрамындағы еріктілердің төтенше жағдайлар кезіндегі даярлығын арттыру мақсатында өрт сөндірушілер мұражайындатанымдық іс-шараөтті.
Іс-шара барысында қатысушыларға өрт қауіпсіздігі талаптары, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары және қауіп туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету тәртібі түсіндірілді.
Кездесу аясында қатысушылар өрт сөндіру саласының тарихымен танысып, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қызметі туралы мағлұмат алды.Мұражайэкспозициялары арқылы азаматтық қорғау саласының қалыптасуы мен дамуы жөніндегі деректер ұсынылды.









